6 тамызда желіде Қапшағайдағы автобус аялдамаларының бірінде кішкентай баланың анасындай әйелге аяқ-қолын көтеріп, бөтелке лақтырып, онымен қоймай түкіріп қорлағаны түсірілген видео тарап кетті. Бүгінде Алматы облысының ішкі істер департаменті әйелге қорлық көрсеткен кішкентай баланы және видеоға қатысы бар адамдарды істестіріп жатыр, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және білім беру бойынша олардың ата-аналары немесе оған жауапты басқа да заңды өкілдер өз міндеттерін орындамағаны үшін оларды жауапкершілікке тарту қарастырылған.
Осы бап бойынша жауапқа тартылғандарға 7 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, яғни 16 835 теңге.