Жамбыл облысында ауыл экотуризмы дамиды

0 29

Жамбыл облысында ауыл экотуризмы дамиды. Бұл туралы өткен аптада Мерке ауданында Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасының бастамасы бойынша алғаш рет CBT құруға арналған семинар барысында айтылды, — деп хабарлайды  «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі.

Бүгінгі күні бұл аймақта СВТ-ны дамытудың барлық алғышарттары бар, аймақта шипажайлар мен шағын қонақ үйлер жұмыс істейді.

Семинардың ұйымдастырушысы Қазақстан Туризм Ассоциациясы, ҚТА экологиялық туризм бойынша ақпараттық-ресурстық орталығының үйлестірушісі Алина Дәулетбакова болды.

Дәріс тобының құрамында Тұран университетінің доценті  Майра Рахымбекова, Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылының СВТ өкілі Бақыт Есімбекова болды. Сондай-ақ, Мерке кәсіпкерлері де қатысты.

— Туризм, оның ішінде экотуризм — бұлар, табысы бірқатар факторлардың жиынтығына тәуелді болып табылатын қызмет салалары. Туристің алатын әсері сапардың қауіпсіз болуына, қажетті қызметтерге оңай қол жетімділікке, көрсетілетін әр қызметтің сапасына және баға мен сапаның ара қатынасының үйлесімдігіне байланысты болады.  Кейде экотуризм бизнесіне машықтанған жергілікті тұрғындар өздерінің шағын бизнесін заңды тіркеудің және маркетингтің маңызын түсінбей жатады, — дейді ҚТА экологиялық туризм бойынша ақпараттық-ресурстық орталығының үйлестірушісі Алина Дәулетбақова.

Деректерге сәйкес, Ескелді ауданында СТВ-ның қысқа кезеңіне қарамастан, биылғы қыста қонақ үйлердің иелері 500-ден астам шетелдік туристерді қабылдады. Б.Есімбекова Меркелік кәсіпкерлерге алматылық әріптестерінің мысалына орай, СТВ-ны құруды бастауды талап етіп, жаңа істердің бірқатар артықшылықтарын атап өтті.

«Біздің міндетіміз — Қазақстанның туристік ассоциациясымен бірлесе отырып, шағын және орта бизнес иелерін СВТ арқылы табыс табуға үйрету », — деді Жамбыл облысы әкімдігі туризм басқармасының бастығы Қарлығаш Аралбекова.

Мұнда туристерге қызмет көрсету мәдениеті, сондай-ақ өз халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін, шет тілдерін білу маңызды делінді.

Айта кетейік, Жамбыл облысының туризмі — өңіраралық жеке шекара ынтымақтастығы саласында үлкен әлеуетке ие. Сондықтан да бұл саланы дамытуда бар мүмкіндіктер қарастырылуда. Аталған басқармада ағымдағы жылы өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында жеті нысаналы индикатор бекітілген. Межеленген міндеттердің қатарында ішкі туризм бойынша қызмет көрсетілетін келушілер санын арттыру. Екінші туризмді дамыту бағытында сырттан келетін туристер санын көбейту және туристерге ұсынылған қонақ үйлер мен сервистік қызмет сапасын арттыру. Бүгінде тиісті жұмыстар атқарылуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.