Балалар толып отырған автобусты тісімен сүйреген ер адам желіде қызу талқыға түсуде (ВИДЕО)

0 0

Ақтау тұрғыны балалар отырған автобусты тісімен сүйреді. «Синь-Хо-Мэнь» мектебінің басшысы Александр Радунцев балалар мінген шағын автобусты бірнеше метрге дейін тісімен сүйреп барды. Александр Николаевич балаларға өзің үлгі болсаң ғана жақсы нәтижеге қол жеткізуге болатынына сенеді.

Белбеулерді салтанатты түрде табыстап болғаннан кейін кунг-фу жаттықтырушылары 15 шағынауданда ауқымды флешмоб ұйымдастырды. Оны Александр Радунцевтің өзі бастап, балалар отырған автобусты тісімен сүйреді.

«Синь-Хо-Мэнь» мектебінің бас жаттықтырушысы үшін мұндай әрекет қарапайым іс болып көрінеді. Ол жақында 51 жасқа толатынына қарамастан, балалардың спортқа сүйіспеншілігін арттыру үшін таңғаларлық істерін жалғастыра бермек.

Дереккөз: NUR.KZ

Leave A Reply

Your email address will not be published.