Ешкі сүтінің пайдасы қандай?

0 16

Ағарғанның бәрі жақсы. Алайда ешкі сүтінің пайдасы бүгінде аз айтылып жүрген жоқ. Себебі емдік тұрғысынан ешкі сүтінің шипасы зор. Сонымен қатар сүттің құрамындағы темір ірікқараның сүтіне қарағанда әлдеқайда тез сіңеді. Күз айында иммунитеттің әлсірейтіні белгілі. Ендеше бұл мезгілде ешкі сүті таптырмайтын дәрумен.

Ешкі сүтінің құрамында кальций, магний, фосфор, марганец, мыс, А, В1, С және Д дәрумендері, аскорбин қышқылы  көптеп кездеседі. Сонымен қатар балалар үшін ең пайдалы емдік сусын болып табылады. Жасанды, аралас қоректендіруге дайын тағамдардан гөрі баланы 6 айдан асқан соң ешкі сүтімен өсіруге әбден болады. Есіңізде болсын, ешкі малы туберкулез, сарып секілді аурулармен ауырмайды.

Ешкі сүтінің мынадай дерттерге де шипасы бар:

— Ұйықтай алмайтын жандар үшін ешкі сүті өте пайдалы;

— Сүйек сынғанда оны қалпына келтіруде ешкі сүтінің пайдасы зор. Егер мұндай жағдай орын алса, ешкі сүтін ішіңіз;

— Көздің нашар көруіне емдік шипасы бар;

— Асқазан, ішек-қарын жолдарының аурулары мен астан аллергиясы барлар үшін пайдалы;

— Сүтке бал қосып ішсе, жүйкені тыныштандырады;

— Диабет, диатезде, ағзаның қорғаныс қызметін арттырады;

— Қаназдақта;

— Өкпе дертінде;

— Жөтел қатты мазаласа, ешкі сүті мен қайың шырынын араластырып, күніне 3 рет 1 стақаннан қабылдайды;

— Спортпен айналысқанда немесе жаттығудан шыққанда ағзаның аздап әлсіреп шаршайтыны бар. Мұндай жағдайдан ешкі сүті арқылы арылып, күш жинауға болады;

— Ағзадан ауыр металдарды, мұздар мен радионуклидтерді шығарады.

Дереккөз: Massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.