Жаңа түскен келінді үшінші қабаттың балконынан кранмен көтеріп кіргізгендер қызу талқылануда (видео)

0 4

Бес қабатты үйдің үшінші қабатына жаңа түскен келінді құрылыста пайдаланатын көтергішпен кіргізгендер желіде қызу талқыға түсті деп хабарлайды NUR.KZ.

Келінді үшінші қабатқа кранмен көтергендер желіде қызу талқыға түсті

Ерекше рәсімді көрген тұрғындар оны жарыса видеоға түсіріп, желіде жариялаған. Алайда оның нақты қай жерде болғаны белгісіз.

Бұрындары екі келінді бір күнде түсіретін отбасылар олардың бірін киіз үйдің керегесі арқылы кіргізген. Ал қазіргі қазақтар сол салтты терезеге ауыстырған сияқты.

Аталмыш дәстүр ағайындылардың жары бір-бірімен тату тұрып, қызғаныш сезімі болмасын деген ырыммен жасалған көрінеді.

Facebook желісінің «Төрт саусақ» парақшасында жарияланған видеоға көпшілік қызу пікір білдіруде. Олардың көпшілігі ескі ырымды осылайша қолдану өмірге қауіпті деп санайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.