Ана атану − кез келген қыз баланың міндетімен қоса арманы. Аяғы ауыр келіншек осы арманның шын бақыт екенін түсінетін де болар. Олар үшін ең маңыздысы − бала денсаулығы мен күтімі. Ай-күні жақындағанда уайымдап, қобалжу жүкті әйелдерде көп кездеседі. Ал перзентханаға дайындықты алдын-ала жүргізген дұрыс. Назарларыңызға жүкті әйелдерге перзентханаға алып баруға қажетті заттардың тізімін ұсынамыз.
Құжаттар:
1. Айырбастау картасы
2. Жеке куәлік + көшірмесі
3. Жұбайының жеке куәлігінің көшірмесі (туу туралы куәлікті жазып беру үшін)
4. Неке туралы куәліктің көшірмесі (туу туралы куәлікті жазып беру үшін)
Анаға:
1. Ұялы телефон, телефонның зарядтау құрылғысы
2. Халат
3. Ішкөйлек — 2 дана (емізуге ыңғайлы)
4. Тәпішке
5. Резеңке тәпішке (душқа түсетін)
6. Емізуге арналған төстартқыш — 2 дана
7. Шұлық
8. Сүлгі
9. Бір реттік жаялықтар төсекке
10. Дәретхана қағазы
11. Иіс сабын
12. Тіс пастасы, щеткасы
13. Тарақ
14. Газдалмаған минералды су
15. Компрессиялық шөлке
Балаға:
1. Жөргек — 10 дана (5жұқа, 5 қалың)
2. Көйлек — 4 дана (2 жұқа, 2 қалың)
3. Жұқа және қалың бас киім
4. Шұлық
5. Қолғап
6. Нәрестелерге арналған жаялық — 2 қорап
7. Нәрестелерге арналған дымқыл майлық сүлгі
8. Балаларға арналған сұйық сабын
9. Жаялықтың астынан жағатын крем/тальк
10. Сүлгі
Дереккөз: massaget.kz