Ұйықтар алдында жасауға болмайтын нәрселер

0 5

Төсекте аунақшып, ұйықтай алмайтын кездер бола ма? Ұйқының жетіспеуінен иммунды жүйе, көңіл күй және жалпы хал-жайыңыз қиналады. Дәрігерге жүгірместен бұрын төмендегі тізімге мән беріп, ұйықтар алдында жасауға болмайтын нәрселермен танысыңыз.

Майлы тамақ жеу

Кешкі ас жеңіл және майлы емес болуы керек. Әйтпесе, таңертең ауыртпалық пен әлсіздік сезінетін боласыз.

Гаджет ұстау

Адамдардың көпшілігі төсекте жатып, ноутбук, планшет немесе ұялы телефон қарап жатады. Экранның көк түсі ми қызметін оятады. Сол үшін гаджетті тастаған кезде бірден ұйықтап кете алмайсыз.

Кардиожаттығу жасау

Уақытылы физикалық жаттығу жасау ұйқыны реттейді, бірақ кешкісін жайрақ қарқынды жаттығу жасау керісінше, табиғи ырғақты бұзады. Ұйқыңыз тыныш болу үшін спортпен ұйықтарға дейін ең болмағанда 3 сағат бұрын айналысыңыз.

Жұмыс істеу

Ертеңгі сабаққа немесе кездесуге дайындалу керек болса, оны ең болмағанда ұйықтар алдында 1 сағат бұрын бітіріңіз.

Кофеин немесе алкоголь ішу

Кофеин ынталандырушы әсерге ие. Әрине, бұл зат әркімге әрқалай әсер етеді. Бірақ мамандар кофеині бар сусынды ұйықтағанға дейін 2 сағат бұрын ішуді ұсынады. Бұл ереже алкогольге де тарайды.

Эмоциялық жүктеме

Біреумен отбасылық проблема туралы сөйлесу, ауыр телебағдарлама қарау, мұңды әңгіме оқу және т.б көңілді түсіретін жағдайлар ұйықтауға кедергі келтіреді. Оның орнына жеңіл әңгіме оқып, босаңсытатын шай ішіп, жеңіл жаттығулар жасасаңыз, тыныш ұйықтайсыз.

Дереккөз: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.