Шамамен есептеген кезде күніне әр жарты сағатымызды әлеуметтік желіге құртады екенбіз. Facebook әлеуметтік желісіне 35 минут, YouTube – 40 минут. Ал Instagram желісінде 4 сағат уақытымыз кетеді. Әр минут сайын Instagram әлеуметтік желісінде 35 мың сурет салынса, Facebook желісінде 300 мың ақпарат жарық көреді.
Ал мұндай жағдайда жүз мыңдаған ақпараттар арасынан өзіңіздің ақпаратыңызды, суретіңізді жұлдыз қылуға шамаңыз жетпейді. Егер жұлдыз болуға дайын болсаңыз, біз ұсынған ережелермен жұмыс жасап көріңіз.
1. Instagram Stories арқылы сауалнама жасау
Жеңіл әрі сапалы ақпарат қай кезде болмасын сұранысқа ие. Оқырмандарға қарапайым ғана сауалнама жасаңыз. «Сурет ұнай ма?» әлде «сіздің таңдауыңыз?» деген секілді сұрақтар қойып, сауалнама жасау арқылы көзге жиі түсесіз. Instagram Stories 24 сағат ішінде өшіп кететінін білесіз. Бұл – үлкен мүмкіндік. Себебі сіздің қысқа әрі сапалы сауалнамаларыңызға адамдар бір тәулік ішінде жауап беруге асығады. Яғни оларға қызық.
2. Анимациялық посттар
Мәтінге қарағанда суреттер жақсы қаралады. Адамдар оқып отыратын заман өтті, тек көріп ұнайтын белгіні басып өте шығады. Ал тірі суреттер яғни анимациялық суреттер одан да жақсы қаралады. Дайын анимациялық өнімдерді пайдаланғаннан гөрі, өзіңіздің қолдан жасағаныңыз абзал. Бұл үшіне әрине арнайы бағдарламалары меңгеру керек. Оған қоса қандай пост саласыз, анимацияңыз қандай мақсатта қозғалыста болады, бәрін қарастыру керек.
3. Facebook Live
Теледидарда ғана емес, қазір әлеуметтік желіде тікелей эфирге шыға аласыз және өзіңізді жақсы жағынан көрсетіп қала аласыз. Әр әлеуметтік желінің тікелей эфирлері бар. Дегенмен Facebook Live арқылы танымал болуы болады. Яғни ол ортада белгілі бір тақырып бойынша талқылау жасайсыз, сұранысқа ие ақпараттарды айтып, оқырмандарды өзіңізге тарта аласыз.
4. Шағын видеолар
Күн сайын Facebook әлеуметтік желісінде 500 миллионға жуық видео қаралым орын алады. Солардың ішінде озып алдыға шыққандары 1 минуттық немесе 1 минутқа жетпейтін қысқа әрі қызықты бірнеше видеолар жиынтығы. Сізге де осы әдісті пайдаланып, өзіңізге деген оқырмандардың назарын аударуға болады.
Дереккөз: massaget.kz