Өміріңізді өзгертетін 2 минут

0 23

Көптеген кітаптар мен фильмдер бақытты болуға үндейді. Оқыған, көрген жақсы әрине. Алайда, олардың барлығын оқып, көру үшін көп уақыт керек. Ал, бұл мақаланы оқып бар болғаны 2 минут уақытыңызды жұмсайсыз да, іс-әрекетке көшуге талпынасыз. 

Бақыт

Мен бақытсызбын. Өміріңізге өзгеріс енгізіңіз немесе өзіңіз өзгеріңіз.  Нені өзгерту керек? Не қалайсыз, соны. Қайсысы ыңғайыңызға келеді, содан бастаңыз.  Басым қатты. Терең тыныстаңыз. Ең әуелі не нәрсеге күшіңіз жетеді, соны өзгертуге әрекет жасаңыз.  Мүмкін бақыттың басты себебі ақшада шығар. Ия, бірақ белгілі бір деңгейде ғана.

Уақыт

Менің уақытым ештеңеге жетпейді. Демек, сіздің құрған жоспарыңыз дұрыс емес.  Бәріне үлгергім келеді. Аз-аздан жасаңыз, көбірек «жоқ» деңіз.

Мен мұны істеуге міндеттімін. Егер біреу қандай да бір ұсыныс білдіріп, оған онша ыңғай танытқыңыз келмесе көңілге қарамай-ақ «жоқ» деуді үйреніңіз.  Егер мен «жоқ» деп айтсам ренжіп қалады…

Ол сізге байланысты емес. Өзгенің ісіне уақыт құртқаннан гөрі «жоқ» деп кесіп айтқан дұрыс.  Бірақ қазір оңтайлы сәт емес. Оңтайлы сәт ешқашан болмайды. Егер күте берсеңіз, ештеңе істей алмайсыз. Кейін әрекет етпегеніңіз үшін өзіңізді жазғыратын боласыз.

Қарым-қатынас

Жақсы әсер алғанын қалай білем? Көзіне тура қараңыз. Күлімсіреңіз. Ақырын ғана сөйлеңіз. Өзіңізге сенімді болыңыз. Әдемі киініңіз.  Оны кездесуге шақырсам бола ма? Иә! Егер кездесуден бас тартса ше? Ең бірінші шақырып көріңіз. Бас тартса шақырмағаныңызға өкінбейтін боласыз.

Біздің ара-қатынасымыз өте күрделі. Қол үзіңіз.  Дәл ондай адамды енді ешқашан кездестірмеуім мүмкін ғой… Бәлкім, одан да жақсы адамды кездестіріп қалуыңыз мүмкін.  Мені тастап кетті. Жүрегім жаралы. Бірақ әлі соғып тұр ғой. Демек, бәрі біткен жоқ.  Енді не істеймін? Барлығы қиын. Ол түсінікті. Егер оп-оңай болса, барлық адам баяғыда-ақ бақытты болмай ма?  Бірақ менің қолымнан келмейді…

Өзіңізді жазғыруды доғарыңыз. Бәрі солай дейді.  Бұл маған көмектеспейді. Жарайды. Қазір қалай өмір сүріп жатсыз, солай жалғастырыңыз.  Алайда бүгінгі өміріме көңілім толмайды. Егер бір нәрсені қайталай берсеңіз ешқашан жақсы нәтиже шықпайды. Біз не өсеміз, не өшеміз.  Сонда қашан бастауым керек? Дәл қазір.

Дереккөз: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.