Адамдар шай қалташасын ыңғайлығы және уақыт үнемділігі үшін алады. Оны шай дайындаудан басқа қандай қолданысқа пайдалануға болатындығын ұсынамыз.
1. Қолдағы жағымсыз иістен арылу. Шай қалташасы балық, пияз және сарымсақтың иісімен күресе алады. Ол үшін қолыңызды шай қалташасымен сүрту керек.
2. Әйнек тазартқыш ретінде қолдану. Қайнатылған шай қалташасы әйнек пен айна бетіндегі ластықты кетіре алады. Шайды бытыратып, оны түксіз дәкемен құрғақтатып сүрту керек.
3. Ет қаттылығынан арылу. Егер ет қатты болса, оны қою емес шайдан жасалған маринад құтқарады. Ол үшін етке қою емес шай, су (немесе шарап) құйып, бірнеше сағатқа маринадтауға қалдыру керек. Шай етті жұмсақ әрі дәмді ете түсіреді.
4. Ағаш жазықтықты тазарту. Қайнатылған шай қалташасын жиһаз бен еденді тазалау және жылтырату үшін қолдануға болады.
5. Аяқ киімдегі жағымсыз иістен арылу. Шай қалташасын аяқ киімге салу арқылы жағымсыз иістен және артық ылғалдан арылуға болады.
6. Шаш ылғалдандыру. Шашты сусабынмен жуып болған соң қою емес шаймен шайыңыз. Ол шашты ылғалдандырады және қоректендіреді.
7. Ыдысты тоттан құтқару. Металл ыдысты ылғал шай қалташасымен сүртіңіз. Оның құрамындағы танин ыдысты тотығудан қорғап, тот түзілуіне жол бермейді.
8. Өсімдіктерге күтім жасау. Шай бөлме және бақша өсімдіктеріне пайдалы. Қою емес шай саңырауқұлақ жұқпасынан қорғайды. Кепкен шай азотты тыңайтқыш рөлін атқарады.
9. Майлы ыдысты жуу. Ыстық суға қолданылған шай қалташаларын салыңыз. Сол ыдысқа жуатын ыдыстарды салып, бірнеше сағатқа қалдырыңыз. Сол кезде жуушы құралсыз ластықтан құтылуға болады.
10. Көз ісуін басу. Қолданылған шай қалташаларын тоңазытқышқа салып салқындатып алыңыз. Содан соң оларды көз астына қойыңыз.
Дереккөз: massaget.kz