Рекордтық бағаға сатылған сағат

0 14

Швейцарияның Patek Philippe компониясы сағаты қайырымдылық аукционында 31 миллион швейцар франкіне сатылды (31 миллион доллар). Қайрымдылық бәссаудасын ұйымдастырушылар бұл рекордтық баға екенін хабарлаған. 

Бұл сағат – Grandmaster Chime 6300A-010 Женевада өткен Only Watch атты қайрымдылық бәссаудасы үшін арнайы жасалған. Сағат 2017 жылғы ең қымбат сатылған сағаттың рекордтын жаңалаған. Сол кезде актер Пол Ньюманның сағаты Rolex Daytona 17,8 миллион долларға сатылған еді. Жиналған ақша дюшен бұлшықет дистрофиясы ауруын зерттеу үшін жұмсалады.

Аталған сағат 20 функциямен жабдықталған, олардың екеуі алғаш рет енгізілген. Атап айтқанда, сағаттарда екі нөмірлі корпус бар, олардың бірі қызғылт алтыннан, екіншісі қара ағаштан жасалған.

Аукционға дейін сағат 3 миллион швейцарлық франкіне бағаланған. Бірақ соңғы баға күткендегіден 10 есе артық болды. Кристидің аукцион үйіндегі сағаттар жетекшісі Сабина Кегелдің айтуынша, “бұл сағат тарихтағы ең күрделі сағат және кофе дайындаудан басқа барлық жұмысты атқара алады” екен.

Аукцион сонымен бірге Франсуа-Поль Журнның сағаты 1,8 миллион франкке, ал Audemars Piguet сағаты 1 миллион франкке сатылған. Бәссаудадан жалпы, 38,5 миллион франк жиналған.

Only Watch қайырымдылық аукционы екі жылда бір өткізіліп тұрады және түскен қаражат дюшен бұлшықет дистрофиясы ауруын зерттеу үшін жұмсалады.

Статистикаға сүйенсек, әлемдегі әрбір 3500 баланың біреуі осы аурумен ауырады.

Дерекккөз: massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.