Қоғамдық нормалар елден елге, мәдениеттен мәдениетке өзгере алатын қасиетке ие. Бір қоғамда біртүрлі көрінетін немесе тыйым салынған нәрсе басқа қоғамда қалыпты жағдай болуы мүмкін. Үндістанда тәжірибесіз саяхатшыны таңғалдыратын оғаш заттар көп. Туристің көзіне бірден түсетін әдеттердің бірі – жергілікті ерлердің қол ұстасып жүруі. Бізде олай кішкентай қыздар және ең жақын бойжеткен құрбылар жүреді. Үндістанда ерлердің қол ұстасып жүруінің сыры неде?
Ерлердің қол ұстасып жүруі біздің қоғамда біртүрлі көрінеді. Алайда Үндістанда қол ұстасып жүру бір адамның басқаға сенімін ғана білдіреді. Басқаша айтқанда, ол жақта екі достың немесе екі әріптестің қол ұстасып жүруі ұятты болып саналмайды. Олардың бұл әрекеті шынайы достықты, жан жақындығын білдіреді.
Осыған ұқсас әдет елдің басқа өңірлерінен, Пәкістаннан және кей араб елдерінен байқауға болады.
Дереккөз: massaget.kz