«Сенсіз өмір жоқ»: 80 жастағы кемпірге ғашық болған жігіт туыстарымен араласпай кетті

0 25

Кеңес заманында әскерден кейін оқуға түсе алмаған соң біраз уақыт Алматыда жұмыс істеген азамат адам сенгісіз жағдайды баяндады. Ол бұл әңгімені жатақханада бірге тұрған жолдасынан естіпті деп жазады «Алаш айнасы».

«Шығыс Қазақстан облысының тумасы, бірге тұратын жігіт мынадай әңгіме айтты. Ол тұратын ауылда сексендерге келген кәрі орыс кемпір тұрыпты. Оны жұрт «мыстан» (ведьма) деп атап, аулақтау жүруге тырысады екен»,- деп бастады ол әңгімесін.

Сол кемпірге әскерден жаңа келген бір жас жігіт «ғашық» болып қалыпты. Кәдімгідей ақылдан айырылған әлгі жігіт кемпірдің қыр соңынан қалмайтын болған. Олардың «махаббатына» намыстанған жігіттің туыстары жігітті күштеп кемпірдің үйінен алып та кетіпті. Бірақ, не сиқыры барын кім білсін, әлгі тепсе темір үзетін өрімдей жігіт бет-аузы қырыс-тырыс, селкілдеген кемпірсіз тұра алмайтын күйге жеткен екен.

«Кемпірді жігіттің туыстары айыптап, тіл тигізіп жаман сөздер де айтыпты. Соған ызаланған ол «мен емес, балаларыңның өзі қыр соңымнан қалмайтын, мықты болсаңдар соны тиып алыңдар» дейді. Сөйтіп кемпір жігітті жұрт көзінше балағаттап, келме деп қуып шығады. Бірақ, ақылынан айрылған әлгі кемпірдің қыр соңынан қалмай, «сенсіз маған өмір жоқ, үйленемін» деп жалынады. Ақыры туыстарын тыңдамаған жігіт кемпірдің қолына кіріп, үйленіп алады. Мынаған намыстанған туыстары онымен араласуды қояды«,- деп баяндады азамат.

Атеистік түсінік үстемдік еткен сол кезде ауыл тұрғындары бүл оқиғаның астарында сиқыр жатқанын айтып жүрген екен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.