Мамандар күн салқындаған сайын адамдар майлы және тәтті тағамды көп жейтінін айтады. Өйткені бұл мезгілде адамды ұйқы басып, көңіл-күйі нашарлайды.
НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан — Sputnik. Дәрігер қыста артық салмақ жинамау үшін қалай тамақтану керек екенін айтты.
Мамандардың айтуынша, адамдар күн салқындаған сайын майлы және тәтті тағамды көп жейді. Өйткені бұл мезгілде адамды ұйқы басып, көңіл-күйі нашарлайды. Күн болмағасын ағзадағы D дәрумені де тапшы болады, деп хабарлайды РИА Новости.
Диетологтар балық, сүт өнімдері мен көкөністі жиі жеу керек екенін айтып отыр. Көңіл-күйді көтеру үшін банан, жаңғақ пен құрғақ жеміс жеуге болатынын айтады. Алайда мөлшерін білу керек.