Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің 28 жылдығын тойлаған күні Қазақстан астанасында 55 сәби дүниеге келді. Ақпаратты Елорда инфо таратты.
Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 16 желтоқсан күні сағат 00.00-16.00 аралығында қаладағы перзентханаларда жалпы саны 55 бала дүние есігін ашқан.
Олардың 31-і қыз, қалған 24-і ұл бала. Бұл №2, №3 перинаталдық орталық пен №2 қалалық көпсалалық ауруханада тіркелген мәліметтер.
Сарыарқа аудандық әкімшілігі мереке күні өмірге келген кішкентай астаналықтарды құттықтады.
Дереккөз: Massaget.kz