Кеме табаны неге қызыл түсті болады?

0 19

Кеме жасау да ұшақ жасау секілді ең қиын әрі аса жауапты жұмыс. Мұнда әр деталь маңызды рөл атқарады. Тіпті кеме табанындағы қызыл түс те. Бұған мән беріп көрген бе едіңіз?

Кеме жасау – күрделі жұмыс. Ұсақ-түйегіне дейін баса мән беруді талап етеді. Ал табаны қызыл түске боялуы да жайдан-жай емес.

Кеме табанының қызыл түсті болуы желкенді қайықтар пайда болған кезеңнен басталады. Cебебі алғашқыда теңіз жануарларларын ағаш қайықтар «қызықтырды». Судың өзі тезірек шіруіне себеп болды. Нәтижесінде қайық пен кеме табанын бояумен қорғау қолға алынды.

Табаны боялған кеме ұзаққа шыдайды. Сондықтан боялмайтыны жоқ. Ал қызыл түстің таңдалуы бекер емес. Кеме апатқа ұшырап, төңкеріле қалса, қызыл түс алыстан көрінеді.

Қазір кемелер табаны берік металлдардан жасағанмен, оны бояу бәрібір маңызды. Теңіз жануарлары зиян тигізе алмағанмен, тұзды судан келер зиян көп. Басқа түске бояуға да болады. Бірақ көбі қызыл түсті жөн санайды. Тек әскери кемелер ғана жасырыну мақсатында cұр түсті пайдаланады.

 Massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.