Жігітпен жүргенде мына нәрселерден аулақ бол

0 3

Әрине, адамдар әртүрлі. Мұны біз білеміз. Бірақ қарым-қатынаста бәріне ортақ ережелер бар. Қиын жағдайға килігіп қалмас үшін осы ережені алдын ала біліп, қателік жасаудан аулақ бол.

Жігітіңе «Сен мені жақсы көресің бе?», «Мен толық емеспін бе?», «Жанар ақымақ қыз, иә?» деген сияқты топас сұрақтар қойма. Жалпы бұл сұрақтардың жауабын, яғни шындықты білгің келе ме, шыныңды айтшы? Онда сұрама.

Онымен шектен тыс маймөңкелесудің қажеті жоқ. Көп жігітке бұл ұнамайды. Уақыт өте келе бір-біріңді еркелететін, өздеріңе тән лақап ат ойлап табатын шығарсыңдар. Бірақ бұл табиғи жолмен және екеуара келісіммен орын алуы қажет. «Не ойлап отырсың?» деп сұрама. Бұл да топас сұрақтар қатарына жатады. Тіпті уайымдап сұрасаң да.

Егер онымен ұрсысуды қаламасаң және қандайда бір нәтиже шығарғың келсе оны ашық сынама. Еркектер өзі жайлы сыни пікірлерді адекватты қабылдай алмайды. Сондықтан, егер оған айтар сының болса, онда айналмалы жолдарды іздеу керек. Тым құрығанда мақтаудан бастап, ал кейін сын айтсаң болады.

Оның достарымен қылымсып сөйлеспе. Не үшін екенін түсіндіру де артық болар. Біріншіден, бұл, жұмсарта айтқанда ақылсыздық белгісі. Ал екіншіден, әрекет етерден бұрын, одан қандай нәтиже шығарын ойланып алу қажет.

Оның поштасын, смстерін, әлеуметтік желілердегі хабарламаларын тексерме. Біреудің хат алмасуын тексерместен бұрын, онда жазылған жазбаларды оқуға дайынсың ба, соны түсін. Қарым-қатынас сенім негізінде құралуы керек. Егер сен нанымды әшкерелейтін жазба тапсаң, онда бірдеңені өзгерту қиын болады. Егер оның жазбасында қылмыстық ештеңе болмаса, ал жігітің сені тексеріп жатқан жеріңнен ұстап алса не болады? Ренжудің көкесін сонда көресің…

Жігітіңді сүйікті командасының матчын тамашалауы кезінде, компьютерлік ойын ойнап жатқан сәтінде, қызықты кітап оқып жатқанында және т.б. кездерде бөлме. Жігіттер бір уақытта тек бір нәрсені ойлайды. «Бір бас – бір ой» — олардың өмірлік қағидалары. Сондықтан, егер саған назар аударғанын қаласаң, сүйіктіңнің миы басқа ақпараттан ада екеніне көз жеткіз.

Оны шопингке ертіп апарма. Шопингтің мәні кетеді. Жігітің дүкенде ең көп дегенде бір сағат аялдай алады. Бұдан кейін ол бұртияды, қыңқылдайды және тезірек кетудің амалдарын қарастыра бастайды. Сондықтан жағымды тірліктің мәнін кетірмес үшін құрбыңды алып бар.

Оған ақыл айтпа. Сен оның сынып жетекшісі, не болмаса анасы емессің! Сондықтан біреулердің қателігін жасама, айлакерлік таныт. Барлық пікіріңді «Мен» есімдігінен баста. Мысалы, «Саған ағылшын тілін оқу керек. Әйтпесе өмірде ештеңе жетпейсің» деп емес, «Менің ойымша, тіл білу өте маңызды және жұмыс іздеуде көп көмегін тигізеді. Қалай ойлайсың? Бәлкім, курсқа бірге жазылармыз?».

Оны өзгертуге талпынба. Есіңде сақтап ал, адамдар өзгермейді. Әсіресе біздің қалауымызбен өзгеретіндер екіталай. Әрине, ұсақ-түйек дүниелерді уақыт өте келе өзгертуге болады, бірақ егер араларыңда келелі қайшылық болса және өмірлік жолдарың әр бағытта дамып жатса, онда уақытты босқа жоғалтпау керек шығар? Айналаңда мінездерің үйлесетін, сымбатты да тартымды жігіттер жетерлік.

Massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.