Бүгін біз сіздерге шаш туралы қызықты мәліметтер ұсынбақпыз.
Кішкентай нәрестенің шашы анасының құрсағында-ақ өсе береді екен. Шамамен алғанда, жүктіліктің төртінші айында баланың басына шаш өсе бастайды екен.
Көбіне аққұбалардың шашы басқалармен салыстырғанда қалыңырақ болады – шамамен алғанда 140 мыңдай. Ал қара шашты адамдардың шаш саны – 100 мыңға жуық болса, жирен шашты жандардың басында 90 мыңдай шаш болады еспетеледі. Шаштың орташа қалыңдығын есептегенде, 250-350 данасы бір квадрат сантиметрге шақ келеді екен. Неғұрлым бас үлкен болған сайын, соғұрлым шаштың саны да көп болуы керек. Өмір бойы шашына қайшы тигізбей өсірген адамның әр шашының ұзындығын қосқанда орта есеппен 725 километрді құрайды екен. Күніне әр шаш шамамен 0,35 миллиметр өседі. Жылына 12 сантиметрге ұзарса, өмірінің соңына дейін ол 7,6 метрді құрайды екен. Шаш көбіне көктем мен жаз мезгілдерінде тез өседі. Ер адамдар бір күнде 40 шашынан айрылса, әйелдердің күніне 70 шашы түседі екен. Әлемде шаштың түсуіне қарсы 300000 дәрі құрамдар ойлап табылған. Бұл көрсеткіш басқа ауруларға қарсы дәрілерді де басып озады. Шаштың беріктілігін альюминиймен салыстыруға болады. Бір шаштың өзі 100-ден 200 грамға дейінгі салмақтағы затты ұстап тұруға шамасы келеді. Әйел адамның бұрымы екі жүз шаштан тұрады және ол 20 тонна салмақтағы затты көтеріп тұра алады. Славяндық дәстүр бойынша кішкентай балалардың шашын үш жасына, тіпті бес жасына дейін қырықпайды екен. Салт бойынша баланың шашы өмір жолының кеңдігін білдіреді.
Алғашқы шаш қию рәсімі салтанатты түрде той етіп тойланып, атап өтіледі. Ғұрып «Шаш кесілгендер» деп аталады. Ал князь балалар шашы кесілген күні бірден атқа отыратын болған. Бұрынғы заманда жирен шашты адамдарға жақсы көзқарас танытпаған. Оларды көре қалса, көздеріне мыстан мен жезтырнақ елестеген. Сондықтан жирен шаштылар қолдарынан келгенше шаштарының түсін басқа түстермен өзгертіп отырған. Дайындаған: Ақерке Әбілхан