22 жастағы қазақ жігіті бес балалы орыс әйелін жар етті

0 22
  1. Қарағанды облысының Ұлытау ауылында ерекше отбасы тұрады. Қазақ жігіті 22 жасында-ақ үлкен отбасыға отағасы болды. Ирина Короленко мен Дидар Саулетбекұлы 4 жыл бұрын отасқан. Қазір бес балалы отбасы 8 балалы отбасыға айналды, деп хабарлайды Zhambylnews.kz ақпараттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ирина Короленко көп балалы ана. Бірінші некесінен 5 баласы бар. Дидар екеуінің ортақ үш баласы бар. 

«Алғашқыда Дидардың ата-анасы маған қарсы болды. Дидар менімен тұрған соң бір айдан соң кетіп қалар деп ойлағам. Жоқ, олай болмады. Үш айдан соң некеге тұрдық. Балаларым қарсы болмады. Бірінші қызым өмірге келгенде Дидардың ата-анасы маған жақсы қарай бастады. Өмірге екінші қызым, сосын ұлым Дамир келді. Қазір бәрі жақсы», — дейді Ирина. 

Ирина қазақша жақсы сөйлейді. Балаларын бесікке салады. Балалары да қазақ тілін еркін меңгерген. Дидар өзінің бақытты екенін айтты. 

«Иринаға үйленейік дедім. Ол балаларымен ақылдасты. Кейін некелестік. Ата-анам қарсы болған. Қазір бәрі дұрыс», — дейді ол.
Бірнеше жыл пәтер жалдап келген отбасы қазір үйлі болды. Жергілікті билік тарапынан көп балалы отбасыға пәтер берілді. 

Ерлі-зайыптылардың өмірімен танысқан желі қолданушылары түрлі пікір жазып жатыр. 
«Мен, шынымды айтсам, бұл жігітті түсініп отырған жоқпын. Не үшін өзінен үлкен, әрі балалы әйелге үйленді?», «Ертең құрдастарымен араласпайды, жастық шағы болмайды, не өмір», «Әркімнің өзінше таңдауы бар. Бұл жігіт үлкен отбасыны жауапкершілікке алған. Рахмет айту керек», «Өмірінің соңына дейін бірге болсын. Бастысы балаларын жылатып тастамаса болды», «Әйелдің бағы бар екен», — деп жазды олар. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.