Жұмыссыздарға 1 триллион теңгені таратып беру ұсынылды

0 19

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова жұмыссыз азаматтарға «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында бөлінетін 1 трлн теңгені таратып беру жайлы ұсыныс білдірді.

Оның айтуынша, бағдарламаны жүзеге асыру үшін 1 трлн теңге қарастырылған. Жоспар бойынша бұл қаражатқа 255 мың адам жұмыспен қамтылады. Есептеп қарасақ, бір жұмыс орнын ашуға 4 млн теңге жұмсалады. Ал қазіргі кезде жұмыстың басым көпшілігі уақытша болып отыр.

«Уақытша жұмыс орындарын ашу үшін бұл қаражат тым көп.  Елдегі жемқорлық деңгейі мен бюджет ақшасын тиімді жоспарлауды ескерсек, бұл соманы жұмыссыз қазақстандықтарға аталмыш бағдарламасыз-ақ берген дұрыс емес пе?!», — деді Смирнова.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасына 1 трлн теңге көзделгенін растады. Оның 300 млрд теңгесі республикалық бюджеттен, ал 700 млрд жергілікті бюджеттен бағытталады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.