Қуат Хамитов Боратты ұстаған адамға 433 млн теңге сыйақы бермек

0 10

Қуат Хамитов Боратты ұстаған адамға 1 млн доллар сыйақы беретінін айтты. Спортшы өзі мен достарының атынан көлемді сыйақы беруге дайын. Себебі оған өз елінің намысы қымбат. 

Бұл туралы спортшы Ревю бағдарламасына берген сұхбатында айтты. 

«Боратқа қатысты ешнәрсе айтпаған едім. Енді айтайын. Егер кімде кім Боратты ұстап, оны төмендеткен күйде видеоға түсірсе, оған өз атымнан және достарымның атынан 1 млн доллар сыйақы беремін. Бұл өтірік әңгіме емес», — деді спортшы. 

Хамитов бұның өтірік емес шынайы екенін жеткізді. Алайда желідегі қолданушылар бұның жай ғана хайп екенін айтып жатыр. Қуат Найман үнемі осылай шоу жасап, хайп қуады деп сенбеді.

Спортшы жеке өмірі мен Сабина Алтынбековамен қатынасы жайлы айтып өтті.

«Сабинамен қыз-жігіт болып кездескен емеспіз. Бірақ оған деген көңілім бар. Оны соңғы 3-4 жыл бойы аңдып жүрмін. Иманды қыз. Жаман әдеттерден бойын аулақ ұстайды. Темекі шекпейді. Арақ ішпейді. Кальян шекпейді. Мен де сондаймын. Бойы менен 5 см ұзын. Бірақ оған еш намыстанбаймын. Маған Сабина спортшы болғаны үшін емес, қыз ретінде ұнайды. Биыл үйлене алмайтын шығармын. Келесі жылы шаңырақ көтеруді жоспарлап отырмын», — деді Хамитов. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.