Жамбылдық шаруаларға 22 дана ауыл шаруашылығы техникалары үлестірілді

0 3

Бүгін жамбылдық шаруаларға судай жаңа 22 дана ауыл шаруашылығы техникалары үлестірілді. Оның 12 данасы облыстағы ескірген тракторларды жаңартуға бағытталған «Trade-In» бағдарламасы аясында берілсе, 10 трактор жылдық жарнасы 5 пайызбен лизингкке берілді, деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Техника тапсыру барысына орнайы қатысқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев:

— Менің тапсырмам бойынша «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ және «Агромашхолдинг KZ» АҚ арасында жасалған Меморандум аясында жүзеге асырылып жатқан «Trade-In» бағдарламасы жамбылдық шаруаларға өздерінің қолданыстағы ауыл шаруашылығы техникаларын сатуға мүмкіндік жасап және алынған соманы шегере отырып, жаңа модельдерді лизингкке беріп отыр, — деп атап өтті.

Бұған дейін «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ арқылы 73 дана жаңа трактор, 12 дана жаңа комбайн, 3 дана ауыл шаруашылығы мақсатында қолданылатын жүк көліктері және 190 дана ілмелі және тіркемелі техника шаруаларға берілген болатын.

Жалпы аймақта 18 мыңнан аса ауыл шаруашылығы техникалары тіркелген. Оның 15 мыңнан астамы пайдалану мерзімі 10 жылдан асқан. Яғни 80 пайызының тозығы жеткен. Ал 10 жылға дейінгі пайдаланудағы техника саны 3765 дана (20%).

Биыл облыстағы техникаларды 10 пайызға жаңарту жоспарланса, бүгінгі күні 1 055 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынып, 9,3 пайызға жаңартылды. Осы алынған техникаларға инвестициялық субсидия арқылы 795,0 млн. теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетіліп, алынған техника құнының 25 пайызы төленіп берілген.

Айта кету керек, биылғы жылы аймақта алғаш рет ауыл шаруашылығы техникаларын шығарумен айналысатын «ТаразАгромашторг» серіктестігі құрылып, жұмысын бастады.

Қазіргі уақытта тракторларға арналған соқаның 6 данасы шығарылып, аудандарға тәжірибелік сынаққа жіберілді. Алдағы уақытта серіктестік ауыл шаруашылығына қажетті ротациялы тырма, бақтардағы өнімді жинауға арналған тіркемелі платформаларды шығаруды жоспарлап отыр.

Бұған қоса, қазіргі таңда түрік елінің «Анка Агро» компаниясымен Жамбыл облысында ілмелі және кіші тракторларды шығаратын өндіріс орнын ашу бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.