Алматыдағы 19 жасар қыздың жантүршігерлік өлімі: Желіде құрбанның видеосы жарияланды

0 21

31 телеарна адамсенгісіз жағдайда қайтыс болған Аяжан Еділованың күдіктімен бірге лифтіге мінген видеосын жариялады. 

«Бұл Аяжанның күдіктімен жолыққан кездегі бейнежазба. Кездесу Алатау ауданындағы Нұркент-5 тұрғын үйіндегі бейнебақылауға жазылып қалған. Полиция азаптап өлтірді деген Аяжанның денесі пәтерден табылған. Полиция есікті бұзып кіре салысымен қылмескер қолына пышақ алып өзінің мойнын екі жерден тіліп үлгерген. Ал оның қасында бөлмеде марқұмның бөлшектелген денесі табылыпты», — делінген Информбюро сюжетінде.

Айта кетсек, 19 жасар бойжеткен 19 наурыздан бастап үйіне оралмаған. 

Кейін оның өлі денесі табылды. Белгілі болғандай күдіктінің сөзінше, ол бойжеткенді 19-нан 20 наурызға қараған түні, шамамен 23:00 мен 00:00 шамасында өлтірген. Яғни, қылмыс Аяжан Еділованың жоғалғаны туралы хабар келіп түспей тұрып болған. Бойжеткен денесінің кей бөліктері Алатау ауданы мен Бостандық ауданындағы қоқыс жәшіктерінен табылды. Сот сараптамасы тағайындалды. Қылмыс пәтерде орын алған. 

Кейін Алматыда өлтірілген Аяжанның туыстары сұхбат берді. Сұхбат кезінде қыздың туыс ағасы оның басын қайнатып, тісін, тырнағын бөлек жұлып алғанын айтты. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.