Түсінген адамға қазақтың «қыз баққаннан қысырақ баққан оңай » дейтін мәтелі көп нәрсені аңғартады.
Иә, бір отбасының ғана емес, бүкіл бір әулеттің, рудың, қала берді, бүкіл ұлттың ауыр жүгін арқалаған қыз баланың тағдыры – әркімнің де назарынан тыс қалмауы тиіс ең маңызды мәселелердің бірі.
Осыны білген бабаларымыз ымырт жабылысымен балаларын үйден шығармайтын болған. Мұндағы негізгі себеп – кешқұрым жер бетіне жын-шайтандардың таралып, түрлі азғындықтар мен күнәлардың көбейетіндігінде.
Бұл туралы Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Балаларыңды түн басталарда (күн батар шақта) өздеріңе жақын ұстаңдар, өйткені, расында осы уақытта жер бетіне шайтандар таралады», — дейді (Бұхари, Муслим).
Ал ХIX ғасырда өмір сүрген Шортанбай ақын:
Қызың киді биқасап,
Тергеп кимей байқастап.
Кешкітұрым болғанда,
Құлан менен бұландай,
Үйде отырмас ойқастап,- деп жырлап, қыз баланың түн қатып көше кезіп жүруін әдепсіздік санаған.
Гүлшат Тельман.