Тоқаевтың басынан өткен қайғылы оқиғасы

0 14 470

Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі отызыншы жылдары алапат аштықтан жан сақтау үшін отбасымен Фрунзе(қазіргі БІШКЕК) қаласына ауады. Осындағы бір ауқатты адамның қол астына жұмысқа жалданады. Күтпеген жағдайда бастарына қайғы жамалады. Кемел Тоқаевтың анасының аяқ-қолы жансызданып, дертке шалдығады. Бір күні отағасы(Тоқаевтың атасы) жұмысқа кетіп, Қасым(Тоқаевтың әкесінің ағасы) мен Кемел(әкесі) де базар маңында жүргенде, жанып тұрған ошаққа үйде ойнап жүрген үш жасар кішкентай қыз(әкесінің қарындасы) құлап түседі. Тамақ жасайтын ошақта, тірідей жанып жатқан баласына, сал боп жатқан анасы(Тоқаевтың әжесі) қол ұшын бере алмайды.

Отағасы(атасы) үйіне оралғанда жан түршігерлік сұмдық көрініске куә болады. Отқа жанған кенже қызы мен жүзінде адам шошыр азаптың ізі қалған жансыз жұбайы жатыр еді.

Бір айналдырса шыр айналдырады дегендей, базардан қайтып келе жатқан Кемел мен Қасымды тентіреп жүрген жетімдердің біріне санап, тәртіп сақшылары ұстап әкетеді. Әкелері тоса-тоса төзімі таусылады. Ақыры оларды әлдекімдер ұрлап әкеткен шығар деп пайымдайды. Бұл жығылғанға жұдырық болып, бәрінен тұлдай айырылған отағасының өзі көз көрмес бір жаққа сіңіп, жоқ болады. Сонымен Кемел мен Қасым Фрунзедегі жетімдер үйінен бір-ақ шығады.

Айтпағым, бұл өмірде барлық адам бақытты емес. Бақытты адамның өз мұңы болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев туралы қызықты ақпарат.
•Тоқаев зиялылар отбасында дүниеге келген. Кемел Тоқаев жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері. Ұқсамасан тумағыр, Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10 кітабі және әңгімелері жарыққа шыққан.
•Тоқаев Алматы №25 мектеп гимназия түлегі. Бір қызығы ЛДПР фракциясының жетекшісі, саясаткер Владимир Жириновский де осы мектептен тәлім алған.
•Президенттің әкесін Илизаров аппаратын жасаушы аман сақтап қалды. Майданда жарақат алған Кемел Тоқаевтың аяқтарын кесу қаупі туады. Бұл дегеніңіз түкке жарамайтын мүгедектік. Оның бақытына орай, осы әскери госпиталде, жас болса да танымал болған — Гавриил Илизаров деген ортопед-дәрігер бар еді. Кемел Тоқаевты емдеуді сол өз қолына алып, ақыры аяғына тұрғызады.
•Әйелі Надежда Давыдовна болған (ажырасқан). Ұлы Тимур 1984 жылы туған. Кәсіпкер
•Қазақ, Орыс, Ағылшын, Қытай, Француз тілдерінде сөйлей алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.