Биыл 225 мектеп ашылмақ – Білім министрлігі

0 5

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтқан мектептердегі орын тапшылығы мәселесі біртіндеп шешіліп жатыр, деп хабарлайды “ZhambylNews” АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, 2021 жылы 163 301 оқушыға арналған 277 мектеп ашылды. Ал 2022 жылы кемінде 214 538 оқушыға арналған 225 мектеп ашу жоспарланып отыр.

«Жан басына қаржыландыру және мемлекеттік тапсырысты орналастыру жүйесін дамыту арқылы қажетті құқықтық база жасалды және жеке инвесторлардың ресурстары белсенді түрде тартылуда. Үш ауысымдық мектептер мен орын жетіспеушілігі мәселесін шешіп қана қоймай, бір ауысымдық оқытуға көшу жұмыстары жүргізіліп жатыр», – делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетсек, Президент 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында «орта білім беру жүйесіндегі өткір проблеманың бірі – мектептердегі орын тапшылығы. 225 мың оқушыға орын жетіспейді. Шұғыл шара қабылдамасақ, 2025 жылға қарай орын тапшылығы 1 миллионға жетеді. Мен 2025 жылға дейін кемінде 800 мектеп салу туралы тапсырма берген болатынмын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.