Тараздағы NIS оқушылары әлемнің ең үздік northwestern университетінде грантта оқиды

0 7

Northwestern Университеті әлемдік рейтингі бойынша  #24-ші орында болса, Америка құрама штаттарындағы #9 Ұлттық Университет қатарына кіретін ең беделді оқу орындарының бірі. Бұл оқу орнына грантқа үміткерлердің саны шексіз болғанмен, бөлінген гранттар саны шектеулі. Мыңның ішінен суырылып шыққан Тараздыөқ зияткерлер жылдық оқу ақысы $72,671 АҚШ долларын құрайтын университеттің толық оқу және тұру шығындары төленетін 100% грант иегері атанды.

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 — сынып оқушылары Нұрай Едіге  және Сабыралы Назира Катардағы Northwestern университетінде толық оқу және тұру шығындары төленетін 100% грант иегерлері атанды. Бұл мектеп үшін айтарлықтай жағдай, бірінші рет мектеп тарихында NIS оқушысы Катар мемлекетінде білім алатын болады.

Едіге Нұрай-Northwestern Qatar университетінен басқа, ол басқа беделді оқу орындарынан, соның ішінде Duke Kunshan University — 90% жеңілдікпен (Қытай), KIMEP университеті (50%),  Bentley University (Америка), Denison University (Америка) және Koc (Түркия) университетінен шақыртулар алған.

Сабыралы Назира — табандылық пен мақсатқа, адалдық үлкен мүмкіндіктерге қалай жол табуды көрсететін үлгілі оқушы.Ол соңғы 4 жылдағы жоғары GPA бар академиялық көшбасшы ғана емес, сонымен қатар ол өмірдің кез келген саласында нағыз көшбасшы.

Оның жетістіктері оқумен ғана шектелмейді. Назира баскетбол командасының үздік ойыншысы, өзін-өзі басқару ұйымының президенті, сонымен қатар вице-президент ретінде MUN клубында маңызды жұмыс жасады. Ол мектептен тыс уақытта да белсенділік танытып,волонтерлік іс-шараларға қатысып, қоғамға пайдалы іс-шаралардан қалыс қалмайды.

Міне Зияткерлердің еңбегі мен таланты марапатталатын уақыт жетті! Катардағы Northwestern университетінің толық қаржыландыруымен Назира мен Нұрай білімін жоғары деңгейде жалғастырып қана қоймай, басқаларды табысқа жету жолында шабыттандырады деген үміттеміз.

Үздіксіз білімнің-үздік нәтижесі!

Leave A Reply

Your email address will not be published.