Қырғызстандағы этникалық қазақтарға білім гранты бөлінеді

0 9

Қырғызстандағы этникалық қазақтарға 20 грант бөлінеді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов телеграм каналында жазды.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға ресми сапары аясында екі ел арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.

Бұл құжат Қазақстан Қырғызстан азаматы болып саналатын этникалық қазақтарға 20 грант және Қырғызстанның басқа азаматтарына 30 грант бөлуді көздейді.

Осыған дейін Президенттің Түркияға мемлекеттік сапары барысында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойылған болатын. Сонымен қатар қазіргі уақытта біз бірқатар басқа елмен келісімдерге келу және білім беру саласында өзара іс-қимыл жасау жөнінде келіссөздер жүргізіп жатырмыз», — деді министр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Қырғызстанға барды. Қырғызстан Президенті «Ақ кеме» мәрмәр шатырында Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алды. Қазақстан Президентінің Қырғызстанға сапары барысында бірқатар құжатқа қол қойылды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.