Республикалық олимпиадада жеңіске жеткен 29 оқушыға білім гранты табысталды

0 22

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша 422 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Оның 86-сы алтын, 127- сі күміс, 209-і қола медаль, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

«Үздік олимпиадалық команда» номинациясының бас жүлдесіне НЗМ оқушылары ие болды. Бірінші орынды Алматы қаласының бірқатар мектептері мен Республикалық физика-математика мектеп командасы иеленді. Астана қаласы, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарының командалары екінші орынды жеңіп алса, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда және Қарағанды облыстарының оқушылары үшінші орынға ие болды.

Сонымен қатар Абай облысының 10 сынып оқушысы Әмір Шәукенов «Ауылдық жердің үздік оқушысы» номинациясымен марапатталды.
Бұл олимпиаданың ерекшелігі биылғы жеңімпаз түлектерге білім гранты табысталды.Еліміздің жетекші жоғары оқу орындарына 29 грант берілді. Ол Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Toraighyrov University, Satbayev University, IT Халықаралық университеті, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ, Auezov University, Shakarim University, KBTU.

Leave A Reply

Your email address will not be published.