NIS оқушылары қоршаған ортаны қорғауға шақырады!

0 10

Жыл сайын өткізілетін Республикалық «TURAQTY JOL» республикалық экологиялық идеялар мен жобалар фестивалінде Зияткерлер өз жобаларын ұсынып, жеңісті жобаларын қорғап шықты.

Зияткерлер арасынан “Believe — жетілдірілген құралдарды қолдана отырып, аралардың өмір сүру сапасын бақылауға және жақсартуға арналған ақылды, инновациялық ұя”-жүйесін ойлап тапқаны үшін, Айдархан Амирхан, Бекбулат Жангерей, Даулети Адилет жүлделі ІІ-орынды иеленді, сондай-ақ жеңісті жоба үшін 4 млн теңге, қаржылай сыйақыға ие болды.

Ел алдына ұсынылған кезекті жоба “CarboNick — парниктік газдардан жасыл сутегін өндіруге арналған озық зауыт”-ұсынған Буркитбаева Адель, Бакирова Фатима ІІІ-орын және 3 млн ұтып алды.

Жобаны ұйымдастырудың мақсаты, өскелең ұрпақты экологиялық мәдениетке және дамыту арқылы тәрбиелеумен қатар тұрақты даму мақсаттарын ілгерілету болып табылады. Сонымен қатар экологиялық ойлауды, табиғатқа және ресурстарды тұтынуға үнемді көзқарасты қалыптастыру,ел тұрғындарын абаттандыру және қоршаған ортаны жақсарту процесіне тарту.
Зияткерлер ұсынған жобалардың пайдасынан ел экологиясын дамытуға тиер пайдасы мол!

Leave A Reply

Your email address will not be published.