ҚР Білім және ғылым министрлігінің Instagram парақшасында «БҒМ LIVE» жаңа айдары жүргізілетін болады

0 0

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Instagram парақшасында «БҒМ LIVE» жаңа айдары жүргізілетін болады. Енді әр сәрсенбі сайын министрлік өкілдері әлеуметтік желідегі парақшалар арқылы келіп түскен сұрақтарға тікелей эфирде жауап береді, — деп жазады “ZhambylNews”  ақпарат агенттігі.

2021 жылғы 31 наурыз күні сағат 12:00-де Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасында тікелей эфирге шығады.

Шолпан Каринова төртінші тоқсандағы оқу форматы, қорытынды аттестация, бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау, БЖБ және ТЖБ тапсырмаларына қатысты сұрақтарға жауап береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.