Тәуелсіздікке 30 жыл: Таразда аудан күндері басталды

0 8

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай облыс орталығындағы «Туған жерім-дархан далам!» атты аудан күндері басталды. Алғашқы болып қала күні қарсаңында Жамбыл ауданы Таразға тарту жасады , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде ұйымдастырылған шараға облыс әкімі арнайы қатысты. Онда ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі,  ұлттық спорттық ойындар, этно-мәдени орталықтарының салт-дәстүрлері, қолөнер шеберлерінің көрмесі, аудан көркемөнерпаздарының концерті ұсынылды.

Облыс әкімі аудандағы түрлі этно-мәдени бірлестіктерінің ұлттық тағамдар көрмесін аралап, олардың өкілдерімен емен-жарқын әңгімелесті. Рыскүл Нұрмолдаева бастаған әжелер ән шырқаса, ақсақал Орынбай Рысбаев ақ батасын берді.

Облыс орталығында әр ауданның мәдениет және  өнер күндерін өткізудің маңызы золр. Өзара тәжірибе алмасып, байланыс, алыс-беріс нығая түседі. Біз қазір әсіресе жастар тәрбиесіне, қоғамдағы ынтымақ-бірлікке баса назар аудару керекпіз. Қоғамда татулық, тыныштық болса, өркендеп, дами түсеміз. Осы орайда құндылықтарымызды, салт-дәстүріміз жас ұрпақтың бойына сіңіргеніміз жөн. Жастарға  ең керегі – білім мен тәрбие, соған айрықша ден қоюға тиіспіз,деді Бердібек Сапарбаев.

Шара барысында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, тараздықтарға азық-түлік тауарлары нарықтағыдан 10-15 пайыз төмен бағада ұсынылды. Бұдан соң ашық аспан астындағы саханада Жамбыл ауданының өнерпаздары ән-жырдан шашу шашып, жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.