Облыс орталығында «Туған жерім — дархан далам» атты Шу ауданының Тараз қаласындағы күндері өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жоба аясында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Көне Тараз тұрғындары мен қонақтары айтулы күні шулықтардың тыныс-тіршілігімен, мәдениетімен етене жақын танысты. Мәселен, «Баласағұн» концерт залында аудандық білім бөлімі ұйымдастырған балалар туындысының көрмесі, Қазақ, Әзірбайжан, Күрт, Дүнген, Шешен, Түрік ұлттарының ұлттық көрмесін тамашалады. Ұлттық спрт ойындарының өту барысы, жанды мүсіндермен танысу да іс-шара бағдарламасынан тыс қалмады.
Сондай-ақ, мүсінші Қали Қораласбаевтың, суретші Б.Малдыбаевтың көрмесі, аудандық өлкетану мұражайы, қолөнер туындылары мен кәсіпкерлер өнімдерінің көрмелері көпшілік назарына ұсынылып, шара соңында қала тұрғындары мен қонақтары Шу ауданының өнерпаздары ұсынған концерттік бағдарламаның куәсі болды. Мәдени шара аясында Шу ауданынан шыққан әншілер, музыканттар, аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының қатысуымен ауқымды концерттік бағдарлама мен театрландырылған қойылымдар көрсетілді.
Сонымен қатар Тараз төрінде ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылып, онда экологиялық таза өнімдер қолжетімді бағамен ұсынылды.