Әлем чемпиондарының арасында жамбылдықтар да бар

0 1

Өзбекстан мемлекетінің Джизак қаласында 2001-2003 жылы туған жастар арасында белбеу күресінен Әлем біріншілігі өтті. Онда 40-қа жуық елдің спортшылары өзара күш сынасты. Байрақты бәсекеде ұлттық құрама сапында жамбылдық балуандар 5 жүлде еншіледі , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Джизак бозкілемінде Жаңабек Заңғар мен Орынбасарова Асылжан жеңімпаз атанса, Қуанышова Аяулым мен Ынтықбай Жансая ақтық сында қарсыластарына есе жіберіп, күміс медаль олжалады, ал 58 келіде бақ сынаған Байгараева Сағат қоланы қанағат тұтты.

Айта кетейік, белбеу күресінен Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы жалпы есепте топ жарып, бас жүлдеге тігілген автокөлікке ие болды. Ал жекелей сындарда жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар қаржылай сыйақымен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.