Биыл егемендігімізді айқындайтын Тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отыр. Осыған орай бүгін аудан әкімі Нұржан Календеров желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтарды айтулы мерекелерімен шын жүректен құттықтады , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Салтанатты жиында аудан басшысы алдымен желтоқсаншы ардагерлерге ыстық ықыласын білдіріп, Тәуелсіз азат күніміз жайлы сыр шертіп, ой қозғады. Сондай-ақ, Нұржан Сәбитұлы ауданымыздың бірқатар мәселелерін алға тартып, оның аясында атқарылатын жұмыстарымен де бөлісті.
– Қазіргі уақытта Сіздер әр салада еңбек етіп жүрсіздер. Соның арқасында ауданымыз күн санап дамып келеді. Көптеген игі істер жүзеге асып, әлеуметтік-экономикалық әлеуетіміз арта түсуде. Бұның барлығы – Тәуелсіздік жылдарында бір кісідей атқарған жемісті еңбегіміз деп білемін.
– Сіздердің мемлекет игілігі үшін атқарып жатқан жұмыстарыңызға сәттілік, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, тілеймін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз баянды болсын , – деді Нұржан Сәбитұлы.
Осылайша аз-кем орнықты ойлардан кейін аудан басшысы мерекелі күннің кейіпкерлері – желтоқсаншыларды жеке-жеке марапаттап, сый-сияпаттарын тапсырды.