Жамбыл ауданында жылына 110 мың мегават өндіретін күн электр станциясы аяқталуға жақын

0 2

Жамбыл ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Қызылтаң ауылындағы күн электр стансасының құрылысына назар аударды  , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жалпы облысымызда күннен, желден және судан энергия өндіретін 327,6 мегаваттық 17 станса бар. Бұл республика бойынша 20 пайызды құрайды. Облыс аумағында орналасқан 5 күн, 6 су электр және 6 жел стансалары жұмыс жасайды.
2021-2030 жылдар аралығында электр уатын өндіретін стансалар саны 32 нысанға жеткізіліп, 1251 қуат өндіру жоспарланған. Бұл жобаға Жамбыл ауданы «Родина» ЖШС күн сәулелі электр стансасының да құрылысы енгізілген.

Аудан әкімі Сәкен Арубаевтың айтуынша, тәулігіне 150 мегаватты құрайтын күн электр салуға жер телімі берілген. Сондай-ақ құрылыс жұмыстарына жергілікті 15 тұрғын тартылған.

«Родина» ЖШС күн сәулелі электр станциясының құрылысы энергетика саласында іске асырылатын инвестициялық жобасы болып саналады. Жоба бастамашысы «Родина» ЖШС. Құны 20 миллиард тенгені құрайды.

Өңір басшысы энергия өндіру алғаш қолға алынып отырғанын, алдағы уақытта өз жалғасын табатынын, осы арқылы аймақ экономикасының үлесі арта түсетінін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.