Таразда ортопедиялық матрастар өндірілуде

0 39

Бүгінде “Асимус” жеке кәсіпкерлігінің иесі Гүлсім Елешова ортопедиялық матрастар мен жастықтарды өндіріп, кәсібін дөңгелетіп отыр. 9 жыл бұрын отандық сауда нарығына қосылған қазақстандық тауар қазіргі таңда сапасымен танымал. Бүгін қала әкімі Ержан Жылқыбаев өндіріс орнының жұмысымен танысып қайтты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Кәсіпкер матрастарды жасауға қажетті шикізатты Қытайдан алдыртады. Қазіргі таңда өндіріс орнында 30 түрлі матрас шығарылады. Қазақстандағы ең ірі жиһаз сататын «EUROMEBEL» ЖШС-мен серіктестік орнатқан. Тұтынушыларының басым бөлігі – жамбылдық жиһаз өндіретін кәсіпкерлер.

«Егер мемлекет тарапынан қаржылай көмек болса, онда кәсібімнің көкжиегін кеңейтіп, түрлі техникалар мен станоктар сатып алғым келеді»,дейді кәсіп иесі.

Өз кезегінде шаһар басшысы отандық кәсіпкерлікті дамытып отырған бизнес иесіне мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетінін жеткізді. Айта кетейік, бүгінгі күні кәсіпкер 10-нан аса адамды жұмыспен қамтып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.