Тараз қаласында әлеуметтік бұрыштар ашылды

0 31
Тараз қаласы әкімдігі тарапынан қаладағы барлық сауда орындары мен дүкендерге бағаны көтермеу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына үстеме ақыны 10-15 пайыздан асырмау туралы күнделікті түсіндіру және бақылау жұмыстарын жүргізу үшін 13 мониторингтік топ бекітіліп, тиісті жұмыстарын атқарып жатыр.  Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде Тараз қаласы әкімінің орынбасары Дәулет Әбілқайыров айтты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Ол бірқатар әлеуметтік тауарлар төмен бағада сатылып жатқанын да мәлімдеді. Атап айтқанда, «Арзан Микс» көкөніс өнімдері, «Құлынбек» дүкенінде өсімдік майы, «Окей» дүкені мен «Юбилейный» супермаркетіндк ас тұзы, «Нұрила» көтерме сауда орталығында жұмыртқа, пияз, тауық еті, «Small» сауда орталығында күріш, тұз арзан сатылуда.
«Сонымен қатар «Ақ Ниет» ет дүкенінен сиыр етін 1850 теңгеден сатып алуға болады. «Абылайхан» дүкенінде әр аптаның сейсенбі, бейсенбі күндері, «Умида», «БК маркет» дүкендерінде әр аптаның жұма күндері тегін нан таратылуда. Тағы бір жағымды жаңалық, енді арзан азық-түлік алу үшін арнайы әлеуметтік дүкен іздеп әуре болудың қажеті жоқ. «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ы тарапынан қала аумағындағы 5 ірі сауда дүкендері мен 2 базарда әлеуметтік бұрыштар ашылды», — деді спикер.
Әлеуметтік бұрыштар «Смарт», «Сафият», «Дәмдес», «Нұрислам», «Алма» дүкендері мен «Ауыл береке» және «Қайқармет» сауда орталықтарында жұмыс істеп тұр екен. Мұнда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарық бағасынан төмен сатылуда.
Leave A Reply

Your email address will not be published.