Облыс тұрғындарына тегін пияз таратылуда. Ақпарат Жамбыл ауданы әкімдігінің желідегі парақшасында жазылған.
Жамбыл ауданына қарасты Жалпақтөбе ауылының шаруа қожалық иесі пиязды тегін алып кетуге болатынын хабарлап отыр. Камал есімді кәсіпкер азамат кез келген уақытта келіп, пиязды қалағанынша алып кетуге болатынын айтты. «Пияздың жарамдылығы аса нашар емес. Елуде елу десе болады. Пайдалануға жарайды. Бірақ іріктеп алу керек. Жүк көліктерімен келіп, тонналап алып кетсеңіз де болады», -дейді ол. Аудан әкімдігінің ресми парақшасында байланыс нөмірлері де көрсетілген.