Жамбыл облысында сүт безі қатерлі ісігімен ауыратындар саны артқан

0 17

Жамбыл облысында сүт безі қатерлі ісігімен ауыратындар саны артқан , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Өткен 2021 жылдың қорытындысымен бұл көрсеткіш — 11,4% құраған. Яғни, обыр ауруының үлес салмағы бойынша сүт безі қатерлі ісігіне шалдығушылар саны бірінші орынға шыққан, ал екінші орында — 10,6%  өкпенің қатерлі ісігі,   асқазан қатерлі ісігі — 8,0%, тері қатерлі ісігі-7,8%, бауыр қатерлі ісігі — 4,4%, жатыр мойны қатерлі ісігі — 4,3%, өңеш-4,3%.

Қатерлі ісікті анықтаудың бір жолы- нысаналы топтағы  тұрғындарды скринингтік тексеруден өткізу.  Қазіргі таңда сүт безі, жатыр мойны және тоқ ішек, тік ішек  қатерлі ісігін ерте анықтау мақсатында  скринингтік тексерулер жалғастырылуда.

​Мәселен, 2021  жылы 57359 әйел сүт безі  обырын анықтайтын скринингтік  тексеруден өткізілді. Тексеру барысында 31 әйелден  сүт  безі қатерлі ісігі анықталған, оның ішінде  I сатысындағы -10(32,2%), II сатысындағы-20(64,5%), III сатысында — 1 адам. Дерт неғұрлым алғашқы сатыларда анықталса, емдеу нәтижесі жоғары болады.

​Сүт безі қатерлі ісігі бойынша берілген құжаттарға сәйкес нысаналы топтағы әйелдердің жасы 40-тан 70 жасқа дейін, яғни әр әйел 40 жастан бастап әр екі жыл сайын жергілікті емханаларда маммографиялық тексеруден өтуі қажет.
​Жатыр мойны обырын анықтаудан  49774 әйел скринингтік   тексеруден өткізілген. Тексеру барысында  18 әйелден  жатыр мойны қатерлі ісігі анықталған, оның ішінде  I сатысындағылар-16,  2- сатысындағы-2. Емдеу нәтижесі оң әсерін беруде.

​Жатыр мойны қатерлі ісігі бойынша берілген құжаттарға сәйкес нысаналы топтағы әйелдердің жасы 30 дан 70 жасқа дейін, яғни әр әйел 30 жастан бастап әр 4 жыл сайын  жергілікті емханаларда әйелдерді тексеру кабинетінен цитологиялық  тексеруден өтуі  қажет.
​Тоқ ішек, тік ішек обырын анықтаудан  56179 адам скринингтік   тексерулерден өткізілді.  Тексеру барысында 9 адамнан тоқ ішек, тік ішектің ісіктері анықталған, оның ішінде I сатысындағылар — 3 (33,3%) II сатысындағылар — 6 (66,6%).

​Бұл скрининг бойынша нысаналы топтағы ерлер мен әйелдердің жасы 50-70 аралығы және осы жастағы адамдар әр екі жыл сайын жергілікті емханасында талдау-сараптау тексерілуден өтуі тиіс.
​Жергілікті қалалық және аудандық емханалардың мәліметі  бойынша шамамен 20-22%  тұрғындар әлеуметтік медициналық сақтандырудан өтпеген. Дер кезінде анықталған ауру — жартылай ем шипасын алудың белгісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.