Жамбылда тағы бір жауынгер қайтыс болды

0 19

Гвардейск қала типтес кентіндегі әскери госпитальда 22 сәуір күні қатардағы жауынгер Қалбай Әлібек Саламатұлы қайтыс болған. Сарбаз биыл көктемде Маңғыстау облысынан әскери қызметке шақырылған.

«Сарбаз таңғы жасақтау кезінде есін жоғалтты. Әскери қызметкерге қажетті медициналық көмек көрсетілгенімен, ол есін жимай қайтыс болды», — делінген Қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада. Жауынгердің өліміне қатысты тергеу басталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.