Тараздағы дәмханадан өрт шықты

0 5

Тараздағы «Киш-Миш» атты танымал дәмханадан өрт шықты, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Әулиеата тұрғындарының сүйікті орындарының біріне айналып үлгерген «Киш-Миш» дәмханасынан өрт шықты. Желіде тарап жатқан видеодан дәмхана ғимаратының артқы жағы түтіндеп жатқанын байқауға болады.

Айта кету керек, аталған дәмхана иелері — өткен жылы жазда түгі қалмай өртеніп кеткен «Шах» дәмханасының қожайындары. Екі дәмхана да — өзбек асханасының тағамдарын ұсынатын қоғамдық орын.

Дереккөз: Baq.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.