Жамбыл облысында оқушылар оқулықпен 100% қамтамасыз етіледі

0 0

Жамбыл облысында оқушылар оқулықпен  100% қамтамасыз етіледі. Биыл Жамбыл облысында мектептің 4, 9, 10 сыныптарында оқитын оқушыларға жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуға және жеткізуге қаражат бөлінді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бүгінгі күні баспалармен қажетті келісім шарттар жасап, оқулықтарды тасымалдау жұмыстары басталды. Оқулықтарды жеткізу мерзімі 20 тамызға дейін деп белгіленген. Оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесіне, білім басқармасы тарапынан күнделікті мониторинг жүргізілуде.

Сонымен қатар, «Өлкетану» оқулығына және бала санының артуын ескеріп, қосымша 1-8 сыныптардың оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендеріне, мектепалды даярлық сыныптарының оқу құралдарына сұраныс берілді. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.