Қала әкімі Айтқазы Қарабалаев қала тұрғындарымен кездесті

0 18

Қала әкімі Айтқазы Қарабалаев тұрғындармен кездесу барысында бірінші көтерілген мәселелердің бірі — таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі көтерілген болатын. Осыған байланыстық аланы сумен қамтамасыз етіп отырған бірден-бір кәсіпорын «Тараз су» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының қызметімен танысты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

«Тараз су» кәсіпорны 365 мыңнан астам тұтынушыларды сумен жабдықтау және суды бұру қызметтерін қамтамасыз етеді. Кәсіпорында 687 адам жұмыс істейді. Бүгінгі таңда кәсіпорын 92110 жеке тұлға, 4534 заңды тұлғаларға қызмет көрсетеді. Қалада 350 мыңнан астам тұрғын болса, оның 80000 -нан астамы таза ауыз сумен қамтылмаған.
Песчанная көшесі мен Почтовая көшесінде екі көтерілімдегі су станциясы орналасқан.
«Тараз су» МКК 2015 жылы Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкі арқылы «Тараз қаласының сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту» жобасы бойынша кредиттік шарт жасалған.

Жоба аясында ұңғымалар мен сорғы станцияларын жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліпті, «GRUNDFOS» неміс компаниясының жаңа сорғылары, заманауи шығын өлшегіштер орнатылып, арнайы техника және жабдықтар сатып алынған. Орнатылған жаңа сорғылар мен жабдықтар — пайдалану шығындарын төмендетуге, энергия тиімділігі мен өнімділігін арттыруға бағытталған жоғары технологиялық параметрлерге ие. Сонымен қатар, барлық сорғы жабдықтары автоматты басқару үлгісімен жабдықталған.

Аталған мекеменің жай-күйімен танысқан Айтқазы Қарабалаев қала әкімінің орынбасары Қайсар Сарытайға келесі тапсырмалар берді: Бірінші: судың тарифын көтеру; екінші: қаладағы егесіз су құбырларын қаланың теңгеріміне алу; үшінші «Құмшағал» шағын ауданындағы су мұнарасының күрделі жөндеу жұмыстарына бюджеттен қаражат қарастыру туралы тапсырмалар берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.