Бүгін «Астана» мөлтекауданындағы № 53 орта мектепте қала әкімі Айтқазы Қарабалаевтың 2019 жылды қорытындылаған халық алдындағы есепті кездесуі өтті. Жиынға қалалық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, жергілікті тұрғындар қатысты, деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Екі сағатқа созылған кездесуде шаһар басшысы өткен жылғы тындырымды жұмыстар жөнінде есеп беріп, осы жылда атқарылар ауқымды жобаларды жұртшылыққа таныстырды. Әрі, барша тараздықтарлды туған қаласын көркейтуге шақырды. Жиында баяндама жасаған шаһар әкімі көпбалалы аналарға облыс әкім Асқар Мырзахметовтің тікелей бастамасымен соғылып пайдалануға берілген жатақханаларға ерекше тоқталып өтті.
Өз кезегінде тұрғындар қала әкіміне сұрақтарын қойып, тиісті бөлім басшыларынан нақты жауаптарын алды.
Көпшіліктің қала әкімі Айтқазы Дәулетқұлұлына қойған негізгі сұрақтары: жер телімінің , тұрғын үй кезегінің жылжымайтыны, тұрғын алқаптардағы жол, жаяу жүргіншілер жолы мен жол белгілерін орнату, қоғамдық көлік қатынасы, балалардың спорт алаңшасының құрылысы, арықтарды ағын сумен толтыру мәселсін көтерді. Қала әкімі Айтқазы Қарабалаев барлық қордаланған мәселелердің кезең-кезеңімен шешімін табатынын, бірінші кезекте қалаға қосылған 28 саяжайдағы тұрғындардың тұрмыстық-әлеуметтік мәселелеріне басымдылық берілетінін жеткізді.
Өйткені қаланың аумағының тұрғындары барлық инфрақұрылым негіздеріне қол жеткізгенімен, қаланың шет аумақтарының тұрғындары мұндай мүмкіндіктерге әлі күнге дейін әр түрлі себептермен қол жеткізе алмай отыр. Оларды шешу үшін бірқатар жұмыстар атқарылып жатқандығын тілге тиек етті.