Жамбыл облысы Тараз қаласында коронавирустық инфекцияның төрт жаңа жағдайы тіркелді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
⠀
Барлық төрт жағдай бұған дейін ауырған науқастармен жақын қарым-қатынаста болған адамдардың арасында анықталған. Карантиндік стационарға түскен кезде бұл тұлғалардан ПТР-ға зерттеу материалдар алынып, оң нәтиже берген.
⠀
Науқастар инфекциялық стационарға орналастырылды. Байланыста болған адамдарды және жұқтыру қаупі бойынша мәртебені анықтау жұмыстары жүргізілуде. Ошақтарда эпидемияға қарсы өңдеу іс-шаралары атқарылды.
⠀
Жалпы өңірде барлығы 65 жағдай тіркелген, оның ішінде Тараз қаласында – 15, Байзақ ауданында – 3, Жамбыл ауданында – 4, Қордай ауданында – 33, Меркі ауданында – 2, Мойынқұм ауданында – 1, Шу ауданында – 1. Сондай-ақ, Дели-Тараз рейсінің жолаушылары арасында алты оқиға орын алған.
⠀
21 сәуірдегі жағдай бойынша 11 науқас емделіп, дәрігерлердің бақылауымен үй карантиніне шығарылған.
⠀
Бүгінде инфекциялық стационарда 50 науқас ем алуда.