Бердібек Сапарбаев: «Біз шағын және орта бизнеске міндетті түрде қолдау көрсетеміз»

0 0

Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев облыста карантиндік режим енгізілуіне байланысты қиындықтарға тап болған өндіріс орындарының тынысымен танысуды жалғастыруда. Осы аптада облыс әкімі «Энерджи Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне арнайы ат басын бұрып, жұмыс барысын барлады , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы аталған серіктестік Тараз қаласындағы заманауи қондырғылармен жабдықталған мекеме болып табылады. Кәсіпорын шығарып отырған жарықдиодты шамдарының қуатты күші 10 пайызды көрсеткенімен, сапасы жағынан әлемдік нарықтағы шамдардан кем емес. Ал бағасы үш есе арзан.

Алайда жиынтық трансформаторлық қосалқы станцияларды өндіру желісі 30 пайыздық қуаттылықты көрсетсе, құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі мүлде көрінбейді. Осының салдарынан алдыңғы қатарлы қондырғылары бола тұра кәсіпорын толық қуатты күшіне шыға алмауда. Нәтижесінде 150 жұмысшы 36 адамға дейін қысқартылған. Сондай-ақ 12 мүмкіндігі шектеулі қызметкердің 2-і жұмыссыз қалған.

Жағдайды көзбен көрген облыс әкімі Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Алдамжаров пен Тараз қаласының әкімі Атқазы Қарабалаевқа барлық мәселені зерделеуден өткізіп, бір шешімін табуды тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.