Жамбыл облысындағы карантин: жиі қойылатын сұрақтардың жауабы

0 5

Карантиннің енгізілуіне байланысты тұрғындар мен кәсіпкерлер тарапынан көптеген сұрақтар түсуде, солардың ішіндегі бастысы – «Карантин режимінде қалай жүріп тұрамыз және қалай жұмыс істейміз?». Осыған орай Жамбыл облыстық жедел штабы азаматтардың жүріп-тұру ережесін реттейтін Шешім қабылдады.

Карантин кезінде үйден шығуға болады ма?

Аймақ тұрғындары егер емделуге немесе жұмысына баратын болса ғана дүкендер мен дәріханаға бару үшін үйлерінен шыға алады.
Мүмкіндігінше үйге жақын маңдағы дүкендер мен дәріханаларға барған жөн. Егер олай болмаған жағдайда көлікпен төңіректегі дүкендер мен дәріханаларға баруға болады.
Жасы 65-тен асқан адамдарға үйден шығуына шектеу қойылған, ал кәмелетке толмағандарды үлкендер ертіп жүру керек. Тұрғындарға бөлек тұратын және күтімге мұқтаж егде жастағы туыстарын карантин кезінде үйлеріне алып келіп, уақытша болса да қарайласа тұруға кеңес береміз.
Саябақтарға, скверлерге, жағалауларға, балалар және спорт алаңшаларына баруға тыйым салынады. Ондай жағдайлар полиция нарядтарының бақылауына алынған. Үйдің қасында үй жануарларын серуендетуге болады.

Жұмысқа жеке автокөлікпен баруға болады ма?

Жұмысы тоқтамаған кәсіпорындар мен бизнес субъектілерінің жұмысшыларына үйден жұмысқа белгіленген жұмыс кестесіне сай жеке көлігімен жүріп-тұруы рұқсат етілген.
Сонымен қатар жұмыс орнынан жұмыс кестесі көрсетілген анықтамасы болуы керек, сондай-ақ www.zhambylruksat.kz сайтында алдын ала өтініш беру немесе облыс әкімдігінің тиісті басқармасына хабарласу арқылы «Сергек» базасына деректерін енгізу керек. Өтінішті қарау мерзімі – 3 жұмыс күні.
Полиция қызметкерлері көліктерді тоқтату кезінде планшет арқылы «Сергек» базасынан деректерді және жүру уақытының жұмыс кестесімен сәйкестігін тексереді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.