23 сәуір күні Жамбыл облысында COVID-2019 ауруының 10 жаңа жағдайы тіркелді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
⠀
Тараз қаласының 19 жастағы тұрғыны бұған дейін науқаспен байланыста болғандығы үшін карантиндік стационарға оқшауланған. Талдау қорытындысы оң нәтиже көрсеткеннен кейін инфекциялық стационарға жеткізілді.
⠀
Қалған тоғыз жағдай да облыс орталығында анықталды.
41 мен 92 жас аралығында науқастардың біреуі ер адам болса, тоғызы әйел.
⠀
Эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде. Байланыста болған тұлғаларды анықтау, оларды карантиндік стационарға орналастыру, зертханалық зерттеу үшін материалдар алу бойынша жұмыстар атқарылуда.
⠀
Жалпы, 23 сәуірдегі жағдай бойынша Жамбыл облысы аумағында коронавирустық инфекцияның 98 жағдайы тіркелді, оның ішінде Тараз қаласында — 45 жағдай, Байзақ ауданында – 4, Жамбыл ауданында – 4, Қордай ауданында — 33, Меркі ауданында — 2, Мойынқұм және Шу ауданында – біреуден. Сондай – ақ, Дели — Тараз рейсінің жолаушылары арасынан алты оқиға, Теңіз вахталық кентінен келген қызметкерлерден екі жағдай анықталған.
⠀
Науқастардың ішінен 40 адам сауығып, дәрігерлердің қадағалауындағы үй карантиніне шығарылды.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.