Облыс әкімі қасиетті Рамазан айымен құттықтады

0 72

Облыс әкімі қасиетті Рамазан айымен құттықтады.

Қадірменді облыс тұрғындары!

Сіздерді қасиетті Рамазан айымен шын жүректен құттықтаймын! Ораза айы — Жаратқанға құлшылық жасау, сабыр, қамқорлық, өзара мейірім мен қайырымдылық арқылы рухани тазару айы.
Отбасы мен Отанның, ұлт пен ұрпақтың, береке мен бірліктің, кемел келешектің даңғылына ел тілеуін нұрландырар бұл ай Жамбыл жұртшылығына да құт-береке, ынтымақ, ырыс әкелсін!
Мұсылман баласы осынау қасиетті айда рухани тазалыққа, риясыз бақытқа ұмтылады, барынша сауапты істер атқарып, қайырымдылық жасауға, ағайын-туысқа көмектесіп, мұқтаж жандарға қол ұшын беруге асығады.
Бүгінгі күнгі Қазақстанның ең басты байлығы — елдегі рухани тұрақтылық, бейбіт аспан мен жарқын болашаққа деген халықтың ортақ ұмтылысы. Тілегі бір елде табыс та, бақуатты тұрмыс та болады. Сондықтан бұл ұлық ай — баршамызды ұйыстыратын сәт.
Ата-бабаларымыз аманаттаған азат еліміз абыройға кенеліп, асқақтай берсін. Бұл берекелі мезет бірлігімізді, ертеңгі күнге сенімімізді нығайтып, отандастарымыздың қуанышын еселей түссін. Бұл айда өмірлік құндылықтарымыздың, дәстүрлі дініміздің, тектілік пен парасаттылықтың мән-маңыз, қадір-қасиетін жас ұрпақтың санасына сіңіріп, қасиетті Отан мен қастерлі еліне, жеріне деген ыстық ықыласты, сүйіспеншілікті, мейірімділікті ілкімді істермен насихаттауымыз қажет.

Қадірлі жерлестер!

Барлық тілектеріңіз қабыл, мұраттарыңыз асыл болсын! Жүректеріңізге иман шуағы ұялай берсін! Баршаңызға денсаулық және береке-бақ тілеймін. Қасиетті Ораза айы әрбір шаңыраққа бейбітшілік пен мол игілік әкелсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Leave A Reply

Your email address will not be published.